📚Болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары назарына! Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі білім беру ұйымдарына қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізді.
10.04
0
📚Болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары назарына! Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі білім беру ұйымдарына қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізді. 🧬2026 жылы бірінші сыныпқа қабылдау ел өңірлерінде кезең-кезеңімен, 27 мамырдан бастап жүргізіледі. Бұл шешім eGov.kz порталына түсетін жүктемені азайту мақсатында қабылданды. Абай облысында бірінші сыныпқа қабылдау 27 мамыр мен 9 маусым аралығында, Жетісу, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарымен, сондай-ақ Астана қаласымен бір мезгілде жүргізіледі. Сонымен қатар, қандай да бір себептермен көрсетілген мерзімде құжат тапсырып үлгермеген ата-аналар үшін 11 шілде мен 31 тамыз аралығында қайта қабылдау жүзеге асырылады. Қазақстан азаматтары үшін мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі (портал арқылы): 1) Ата-анасының немесе заңды өкілдерінің өтініші; 2) № 065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және № 052-2/у баланың денсаулық паспорты; 3) 3х4 см өлшеміндегі фотосурет (2 дана).
Сонымен қатар, биылдан бастап мектеп жанындағы даярлық сыныптарының тәрбиеленушілері ата-анасының немесе олардың орнындағы тұлғалардың өтініші негізінде бірінші сыныпқа автоматты түрде қабылданатынына назарларыңызды ауда�
📝Мектептердің құжаттарды қабылдаудан бас тарту себептері: 1. Ұсынылған құжаттардың талаптарға сәйкес келмеуі (фотосурет, медициналық анықтама, денсаулық паспортының дұрыс болмауы); 2. Ұсынылған құжаттардың шынайылығының расталмауы; 3. Сыныптардың толып кетуі (қалаларда); 4. Мектеп микроауданына жатпайтын балалар үшін бос орындардың болмауы (қалаларда). Балаларды мектепке қабылдау тәртібі 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрықпен бекітілген Үлгілік қағидаларда айқындалған.