Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

📚2026 жылғы 10 сәуір күні Шәкәрім университеті мен Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірлескен «Математика және жасанды интеллект: ғылым және білім беру тоғысында» халықаралық ғылыми-практикалық форумы ұйымдастырылды.

10.04
0
📚2026 жылғы 10 сәуір күні Шәкәрім университеті мен Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірлескен «Математика және жасанды интеллект: ғылым және білім беру тоғысында» халықаралық ғылыми-практикалық форумы ұйымдастырылды.
Халықаралық ғылыми-практикалық форум екі кезеңнен тұрды: I кезең пленарлық отырыс (Шәкәрім университеті базасында), II кезең кәсіби тәжірибелік алаң жұмысы (НЗМ базасында, заманауи педагогикалық тәжірибе алмасу).
📝Форумның I кезеңінде Жасанды интеллект (AI) білім беруді қалай өзгертуде? Заманауи математикалық зерттеулердің бағыты қандай? деген сұрақтардың шешімін табуда іргелі математикадағы заманауи трендтер, AI құралдарын математиканы оқытуға кіріктіру тиімділігі, цифрлық ресурстар және оқушылардың креативті ойлауын дамыту бойынша алыс, жақын шет ел ғалымдары мен еліміздің жоғары оқу орындарының мамандары өз ойларын ортаға салды.
🧬II кезеңде білім беру процесіне ЖИ озық технологияларын енгізуге бағытталған AI SANA бағдарламасы аясында университеттің 2026 жылға арналған цифрлық трансформация стратегиясы таныстырылып, математиканы оқытуда ЖИ құралдарын пайдалану тақырыбында шебер-сынып ұйымдастырылды. Тақырыптық алаңдарда Абай облысы білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарының математика пәні мұғалімдері ЖИ құралдарын оқу үрдісінде тиімді пайдалану бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда Жактаева Д.О. («Ш.Тоқжігітов атындағы ОМ» КММ), Тургалиева М.У. («Би Боранбай атындағы ОМ» КММ), Қизатолла С. («В.Маяковский атындағы ОМ» КММ), Арыстанбек А.Қ. («Бақыршық ОМ» КММ), Ахметолла З.М. («№ 25 ЖОББМ» КММ), Мусабекова М.Б. («№ 23 ЖОББМ» КММ).
👩‍🏫Форум барысында математика мен ЖИ өзара байланысы, олардың білім беру үдерісіндегі рөлі, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізудің тиімді жолдары жан-жақты қарастырылды.
🌿Форумға қатысушылар ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен бөлісіп, озық тәжірибелерді талқылады және білім беру жүйесіне инновациялық тәсілдерді енгізудің маңыздылығын атап өтті.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда170952
  • Осы аптада51422
  • Кеше10661
  • Бүгін3153
  • Желіде:187

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда57
  • Осы аптада9
  • Кеше1
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026