Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

2026 жылғы 17 сәуірде Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы, Семей қалалық білім бөлімінің Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы және «Steam Lab» ЖШС бірлескен ұйымдастыруымен «Цифрлық ұстаз және интеллектуалды технологиялар: STEAM бағытының мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық оқу-практикалық семинар өтті.

18.04
0
2026 жылғы 17 сәуірде Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы, Семей қалалық білім бөлімінің Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы және «Steam Lab» ЖШС бірлескен ұйымдастыруымен «Цифрлық ұстаз және интеллектуалды технологиялар: STEAM бағытының мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық оқу-практикалық семинар өтті.

Семинардың негізгі мақсаты – педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру, STEAM бағыты аясындағы заманауи технологияларды білім беру үдерісіне тиімді енгізу және озық педагогикалық тәжірибелерді тарату.

Іс-шараға өңірлерден келген педагогтер қатысып, кәсіби тәжірибе алмасу және біліктіліктерін жетілдіру мүмкіндігіне ие болды.

Семинар аясында «Steam Lab» ЖШС өкілі Жулдыз Агзымова «STEAM және PBL: қолөнерден инженерлік прототипке дейін», сондай-ақ инженер-жобалаушы Дастан Дүйсенбайұлы «Arduino: қарапайымнан күрделіге дейін» тақырыптарында шеберлік сыныптарын өткізді.

Сонымен қатар бастауыш сынып, физика, биология, химия, технология, тарих және информатика пәндері бойынша ашық сабақтар ұйымдастырылды.

Stem.kz платформасының Абай облысындағы амбассадоры, математика пәні мұғалімі Енлик Нуримханова 9 команданың қатысуымен STEAM “Family Challenge” челленджін өткізді.

Қорытынды бөлімде қатысушылар ұсынған жобалар негізінде құрастырылған көпір 61 кг салмақтағы гирді көтеріп, практикалық жұмыстардың тиімділігін дәлелдеді.

Іс-шара барысында үздік деп танылған 2 жоба марапатталды.

Аталған семинар білім беру саласындағы заманауи бағыттарды талқылауға, STEAM білім берудің озық тәжірибелерін кеңінен насихаттауға және педагогтердің кәсіби дамуына серпін беретін маңызды кәсіби алаң болды.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда168292
  • Осы аптада48762
  • Кеше10661
  • Бүгін493
  • Желіде:237

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда57
  • Осы аптада9
  • Кеше1
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026