✨2026 жылғы 16,17 сәуір күндері «Абай облысы» ББ «Облыстық инновациялық- әдістемелік орталығы» КММ -нің ұйымдастыруымен М. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасынды техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің «Білім беру» саласы бойынша педагогтері арасында Республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті.
19.04
0
✨2026 жылғы 16,17 сәуір күндері «Абай облысы» ББ «Облыстық инновациялық- әдістемелік орталығы» КММ -нің ұйымдастыруымен М. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасынды техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің «Білім беру» саласы бойынша педагогтері арасында Республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті. 🎯Конкурстың мақсаты: Дарынды педагогтарды анықтау және қолдау, озық әдістемелік тәжірибені тарату, сондай-ақ Қазақстан колледждерінің білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізу. Бұл тек жарыс емес, бұл — еліміздің түкпір-түкпірінен келген ұстаздардың ең озық әдістемелік идеялары тоғысатын бірегей коммуникациялық платформа.
📎Қатысушылар: Конкурстың финалдық кезеңіне Қазақстанның барлық облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларынан (Астана, Алматы, Шымкент) өңірлік кезеңнің жеңімпаздары қатысты. Конкурсқа еліміздің 14 облысынан 2 бағыт бойынша (жалпы білім беретін және арнайы пән оқытушылары) бақ сынасты. Конкурсқа 34 қатысушы және 34 сарапшы компатриоттан өтінім түсті. Олар — арнайы және жалпы білім беру пәндерінің үздік оқытушылары, елдің қазіргі педагогикалық элитасын ұсынатын мамандар.
📝Сайысқа қатысушылар жалпы ереже Екі күн бойы Алаштың рухани астанасы – киелі Семей өңірінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өткен республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өз мәресіне жетті. Бұл байқау – педагогтердің кәсіби әлеуетін танытатын, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін, шығармашылық ізденісті шыңдайтын маңызды алаң екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік. Бүгінгі таңда білім беру саласында бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыретті педагог қалыптастыру – басты міндеттердің бірі. Осы ретте, сіздердің әрқайсыларыңыз өз ісіне адалдық танытып, шәкірт тәрбиелеу жолында жоғары жауапкершілікпен еңбек етіп жүрген білікті мамандар екендеріңізді көрсеттіңіздер. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Ұстаз – ұлы есім» деген сөзі ұстаздың қоғамдағы биік орнын және адам тәрбиесіндегі айрықша миссиясын айқын көрсетеді. Бұл конкурс – тек жеңімпаздарды анықтау емес, ең бастысы – тәжірибе бөлісу, жаңа идеялармен толығу және кәсіби тұрғыдан өсу мүмкіндігі. Сондықтан бүгінгі жетістіктеріңіз алдағы уақытта жаңа бастамаларға жол ашады деп сенеміз.
«Жалпы білім беретін пәндер» бағыты бойынша қорытынды: «Үздік маман» номинациясы иегерлері: Тютебаева Жанар Усенбаевна – Қызылорда облысы, Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі оқытушысы; Байжанов Қайрат Маратович – Түркістан облысы, Мақтаарал аграрлық колледжі оқытушысы; Жалгасбаева Жанар Умирзаковна – Атырау облысы, Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі оқытушысы; Сапаргалиева Гулмира Советхановна – Шығыс Қазақстан облысы, Абай атындағы Шығыс Қазақстан жоғарғы педагогикалық колледжі оқытушысы; Жүлделі 3 орын иегері – Тургалиева Сымбат Аянқызы – Абай облысы, Шәкәрім жоғары колледжі оқытушысы; Жүлделі 2 орын иегері - Мектепова Жұлдызай Жоламанқызы – Маңғыстау облысы, Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі оқытушысы; Жүлделі 1 орын иегері – Қамалиден Айгерім Сағындыққызы – Ақмола облысы, Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі оқытушысы; «Педагогикалық мамандықтары бойынша арнайы пәндер бағыты» бағыты бойынша қорытынды: «Үздік маман» номинациясы иегерлері: Балгазиева Ляззат Таңатаровна – Ақтөбе облысы, Ақтөбе гуманитарлық колледжі оқытушысы; Асқанбаева Жанат Ергалиевна – Маңғыстау обылысы, «Мұрын жырау Сергірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі оқытушысы; Кусманова Назерке Ерболовна – Шығыс Қазақстан облысы, Абай атындағы Шығыс Қазақстан жоғарғы педагогикалық колледжі оқытушысы; Жүлделі 3 орын иегерлері – Сентаева Асия Боранбаевна – Абай облысы, Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы педагогикалық колледжі оқытушысы; - Хасенова Айнур Айтбековна – Астана қаласы, Астана халықаралық университетінің жоғары педагогикалық колледжі оқытушысы; Жүлделі 2 орын иегері - Сахиева Молдир Ерназаровна - Қызылорда облысы, Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі оқытушысы; Жүлделі 1 орын иегері – Қайыржан Тлек Сағындыққызы - Ақмола облысы, Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі оқытушысы; Конкурстың әділдігін ту етіп, әрбір қатысушының кәсіби шеберлігіне шынайы баға берген, елдің әр өңірінен келген сарапшы-мамандарға (барлық 33 сарапшы-компатриотқа) Білім басқармасы атынанСертификаттар тапсырылды.