Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Құрметті ата-аналар! 2025–2026 оқу жылының аяқталуына байланысты мектепте өткізілетін маңызды іс-шаралар туралы хабарлаймыз.

22.05
0
Құрметті ата-аналар!

2025–2026 оқу жылының аяқталуына байланысты мектепте өткізілетін маңызды іс-шаралар туралы хабарлаймыз.

🔹25 мамыр күні барлық сыныптарда «Білімім – Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізіледі. Сынып сағаты өскелең ұрпақты патриотизмге, бірлік пен татулық, жалпыұлттық құндылықтар рухында тәрбиелеуге, сонымен бірге Халықтық Конституцияның маңыздылығын насихаттауға, заң мен тәртіпті нығайтуға арналады.
🔹26,28.05.2026 ж. аралығында 5–7,8,10 сыныптарда аралық емтихандар өткізіледі.
🔹29.05.-11.06.26 ж. аралығында 9-сынып оқушылары үшін негізгі орта білім беру курсы бойынша мемлекеттік емтихандар өтеді.
🔹02.05-15.06.26 ж. аралығында 11-сынып оқушылары үшін жалпы орта білім беру беру курсы бойынша мемлекеттік емтихандар өтеді.

Осы кезеңде оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында мектеп әкімшілігі төмендегідей талаптардың қатаң сақталуын сұрайды:

1) Аралық, мемлекеттік емтиханға оқушылардың кешікпей келуі талап етіледі.
2) 4, 9, 11-сынып оқушыларының ата-аналары тарапынан мектепке, мұғалімдерге сыйлықтар, жөндеу жүргізуге, құрал-жабдықтар мен жиһаздарды сатып алуға басқа да мақсаттарға қаражат жинауға тыйым салынады.
3) Мейрамханаларда, кафелерде салтанатты дастархан ұйымдастыруға, автокөліктер жалдап, шерулер өткізуге қатаң тыйым салынады.
4) Мектептен тыс бейресми мерекелік іс-шаралар өткізуге қатаң тыйым салынады.

Бұл талаптардың барлығы оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға және мерекелік іс-шараларды қауіпсіз әрі тәрбиелік бағытта ұйымдастыруға негізделген.

Балалардың қауіпсіздігі мен болашағына жауапкершілікпен қарап, мектеппен бірлесе жұмыс жасайды деп сенеміз.

Құрметпен, мектеп әкімшілігі.

@bilimastana
@qosymsha_ast
@astana_adistemelik_ortalyq
@astana_daryny
@astana_akimdigi_akimat_astana


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда138590
  • Осы аптада49810
  • Кеше7786
  • Бүгін5286
  • Желіде:191

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда77
  • Осы аптада5
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026