Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Абай облысында Akelius жобасын іске асыру бойынша онлайн отырыс өтті

15.06
0
Абай облысында Akelius жобасын іске асыру бойынша онлайн отырыс өтті
Абай облысында Akelius жобасын пилоттық түрде іске асыруға қатысып жатқан мектеп педагогтерімен онлайн отырыс өтті. Іс-шараға Семей қаласындағы №10, №20 және №50 мектептердің мұғалімдері, сондай-ақ келесі оқу жылында жобаға қосылуды жоспарлап отырған білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты жобаны енгізу нәтижелерін таныстыру, тәжірибе алмасу және Абай облысында жобаны одан әрі кеңейту мәселелерін талқылау болды. Үйлестіруші қатысушыларды ағылшын және орыс тілдерін оқытуда Akelius платформасын қолданудың нәтижелері мен табысты тәжірибелерімен таныстырып, жобаны өңірдің жаңа мектептеріне кеңейту перспективаларын талқылады.
Отырыс барысында пилоттық мектептердің педагогтерінің пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды. Олар платформаның артықшылықтары мен оны енгізудің ерекшеліктерін атап өтті. Олардың тәжірибесі негізінде келесі оқу жылында жобаға қосылатын мектептер мен мұғалімдер үшін практикалық ұсынымдар әзірленетін болады.
Осындай кездесулерді өткізу кәсіби қауымдастықты нығайтуға, үздік тәжірибелермен алмасуға және Akelius жобасының Абай облысының білім беру ұйымдарында табысты дамуына ықпал етеді.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда169385
  • Осы аптада50133
  • Кеше8284
  • Бүгін8583
  • Желіде:311

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда59
  • Осы аптада9
  • Кеше0
  • Бүгін1
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026