Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Латиф Хамиди атындағы VII Халықаралық байқау аясында қосымша білім беру ұйымдары оқытушыларының кәсіби шеберлігін арттыруға арналған көшпелі «Музыка және өнер мектептеріндегі білім алушылардың техникалық дағдыларын виртуоздық деңгейге дейін дамыту ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізілді

20.04
0
Латиф Хамиди атындағы VII Халықаралық байқау аясында қосымша білім беру ұйымдары оқытушыларының кәсіби шеберлігін арттыруға арналған көшпелі «Музыка және өнер мектептеріндегі білім алушылардың техникалық дағдыларын виртуоздық деңгейге дейін дамыту ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарда көрнекті композитор Латиф Хамидидің 120 жылдығына арналып, білім алушылардың орындаушылық шеберлігін арттыруда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді талқылау, техникалық дағдыларды кезең-кезеңімен дамыту жолдарын көрсету және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мақсаты көзделді.Семинар барысында оқушылардың техникалық мүмкіндіктерін дамытудағы жүйелі жаттығулар, виртуоздық орындаушылыққа жетудің педагогикалық әдістері, саусақ техникасы, штрихтар, динамикамен жұмыс ерекшеліктер, музыкалық шығармаларды интерпретациялау және көркемдік ойлау қабілетін дамыту, жеке және ансамбльдік орындаудағы шеберлікті жетілдіру мәселелері қарастырылды.Семинарда К. Байсейітова атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің оқытушылары п.ғ.к А. Дауренбекова, Г. Тлеугабылова,Р. Солтыханова, Жаңғали Жүзбай, Толқынхан Самғар және Павлодар қаласының музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған мектеп-интернат кешенінің оқытушысы У. Жумашова, Семейдің М. Төлебаев атындағы училищесінің оқытушылары Р. Джолымбеков, Л. Жумановалар дәрістер оқып, шеберлік сыныптарын көрсетті.Іс-шара қатысушылары семинар барысында өз тәжірибесіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізуге мүмкіндік алды.Семинар қосымша білім беру педагогтерінің тәжірибе алмасуына, оқыту әдістерін жетілдіруге және дарынды оқушылармен жұмыс сапасын арттыруға мүмкіндік берді. Балалар музыка және өнер мектептеріндегі білім сапасын арттыруға, дарынды балаларды қолдауға және кәсіби музыканттарды даярлау жүйесін жетілдіруге ықпал етті. Сонымен қатар, шығармашылық білім беру саласындағы заманауи талаптарға сай жаңа әдістемелік бағыттарды қалыптастыруға негіз болды. #Адал_азамат_Абай_облысы#ЛатифХамиди120жыл


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда167946
  • Осы аптада48416
  • Кеше10661
  • Бүгін147
  • Желіде:178

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда57
  • Осы аптада9
  • Кеше1
  • Бүгін0
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026