Абай облысы білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтеріне арналған онлайн семинар өтті
21.04
0
Абай облысы білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтеріне арналған онлайн семинар өтті
🔹 Тақырыбы: «Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жүйесінде әлеуметтік педагогтың қызметін ұйымдастыру: тәуекел тобындағы білім алушыларды қолдаудың кешенді моделі»
🎯 Мақсаты: Әлеуметтік педагогтердің кәсіби тәжірибесін тарату, озық тәжірибелерді насихаттау және әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың өзекті бағыттарын талқылау.
Іс-шара барысында: ✔️ әлеуметтік педагогтың негізгі қызмет бағыттары талқыланды ✔️ тәуекел тобындағы оқушылармен жұмыс тәжірибелері ұсынылды ✔️ отбасы, мектеп және мамандар арасындағы тиімді өзара әрекет жолдары қарастырылды ✔️ қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, практикалық құралдармен бөлісті
🤝 Семинар кәсіби дамуға серпін беріп, өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге мүмкіндік жасады