Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

2026 жылғы 21 сәуірде Абай облысының инновациялық-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Тәлімгерлік: жас мұғалімнің мектебі» тақырыбында мектепке дейінгі, мектепалды және бастауыш сынып педагогтеріне арналған облыстық вебинар ұйымдастырылды.

21.04
0
2026 жылғы 21 сәуірде Абай облысының инновациялық-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Тәлімгерлік: жас мұғалімнің мектебі» тақырыбында мектепке дейінгі, мектепалды және бастауыш сынып педагогтеріне арналған облыстық вебинар ұйымдастырылды.
Вебинардың мақсаты – жас мұғалімдердің кәсіби дағдыларын қалыптастыру және оларды тәжірибеде тиімді қолдану қабілеттерін дамыту.
Вебинар модераторы – Абай облысының инновациялық-әдістемелік орталығының мектепке дейінгі, мектепалды және бастауыш білім беру бөлімінің әдіскері Жайсанбаева Жибек Далелхановна өз сөзінде қазіргі білім беру жүйесінде жас мұғалімнің кәсіби қалыптасуы аса маңызды кезең екенін атап өтті. Сонымен қатар, тәлімгерліктің рөліне тоқталып, тәжірибелі ұстаздың бағыт-бағдары мен қолдауы жас маманның сенімді қадам жасап, кәсіби орнын табуына мүмкіндік беретінін жеткізді.
Вебинар спикерлері: Семей қаласы білім бөлімінің «№25 ЖОББМ» КММ бастауыш сынып мұғалімі Белоусова Оксана Петровна тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен тәлімгерлік қызметті жүзеге асыратын педагогтарға қойылатын талаптарды түсіндіріп, құжаттаманы жүргізу тәртібімен таныстырды. Көкпекті ауданы білім бөлімінің «Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ бастауыш сынып мұғалімі Оралова Әсем Маратбекқызы жас мұғалімдердің кәсіби дағдыларын тәжірибеде тиімді қолдану жолдары туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ақшекина Гүлбақыт Айдарқызы жас маман ретінде еңбек жолын қалай бастағаны жөнінде тәжірибесімен бөлісті.
Вебинар соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, ұсынылған материалдардың педагогикалық тәжірибеде тиімді қолданылатынын атап өтті. Мұндай әдістемелік іс-шаралар мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал етіп, білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда171265
  • Осы аптада52013
  • Кеше8284
  • Бүгін10463
  • Желіде:168

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда59
  • Осы аптада9
  • Кеше0
  • Бүгін1
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026