Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

АЙМАҚАРАЛЫҚ WORKSHOP ӨТТІ

21.04
0
АЙМАҚАРАЛЫҚ WORKSHOP ӨТТІ
2026 жылғы 17 ақпанда Семей жоғары көп салалы колледжі базасында республикалық кәсіби шеберлік конкурсы аясында арнайы және инклюзивті білім беру мен дуалды оқытуды тиімді ұштастыру арқылы білім алушылардың сапалы білім алуына, кәсіби дағдыларды меңгеруіне және табысты әлеуметтенуіне жағдай жасау мақсатында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде арнайы және инклюзивті білім беру мен дуалды оқыту: тиімді интеграция моделі» тақырыбында аймақаралық workshop өткізілді.
Іс-шараға Қазақстанның өңірлерінен, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері, әдістемелік қызметкерлер және жалпы орта, арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері мен арнайы мамандары қатысып, инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері мен шешу жолдарын ұсынды.
Спикерлер қатарында:
Джумадилова Ардак Каратаевна - Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі бастауыш білім беру бөлімінің меңгерушісі, психология пәнінің оқытушысы
Лекерова Айнур Алдабергеновна - «Alikhan Bokeikhan University» ББМ педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, инклюзияны қолдау орталығының маманы
Шалова Фарида Кенжебековна - Абай облысы білім басқармасының Назым Ерланқызы - Абай облысы білім басқармасының «№ 4 арнайы мектеп-интернаты» КММ мұғалім-дефектологі
Муздыбай Гульжан Абеновна – Абай облысы ДСБ «Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК бөлім меңгерушісі
Кабешова Айнагуль Кадиржановна - Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері
Workshop аясында:
-Арнайы және инклюзивті білім беру тәжірибелері ұсынылды;
-Дуалды оқытудың тиімді модельдері талқыланды;
-Білім беру бағдарламаларын бейімдеу жолдары қарастырылды;
-Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды қолдау тетіктері ұсынылды.
Сонымен қатар секциялық жұмыстарда колледж–жұмыс беруші–студент арасындағы серіктестік, еңбек нарығына бейімделу және дуалды оқытудағы инновациялық тәсілдер кеңінен талқыланды.
Workshop қорытындысында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • Осы айда170973
  • Осы аптада51721
  • Кеше8284
  • Бүгін10171
  • Желіде:238

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • Осы айда59
  • Осы аптада9
  • Кеше0
  • Бүгін1
  • Желіде:0
BenchMark Consulting, 2026