«Күй күмбірі» республикалық акциясын ұйымдастырған Абай облысының педагогтері марапатталды. Бұл тағылымды кеш – ұлттық өнеріміздің алтын қазығы саналатын күй өнерін дәріптеп, жас ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды сіңіруге үлес қосқан жандарға көрсетілген зор құрметтің айқын көрінісі болды. 📊 Салтанатты шара барысында КҮЙ КҮМБІРІ акциясы бойынша министр тарапынан тарландарымыз Семей қаласынан Сейфуллина Қарлығаш Советовна 8 мектеп, Токушева Алуа Төлеуқызы 39 мектеп, Жарма ауданынан Оспанов Серік Құмашұлы Тұрсынов ат.мектеп және М. Төлебаев ат.музыкалық училищесінің директоры Ахметов Сайлауғазы Жұмағазыұлы, Тұрлыбекова Шынар Бакытбекқызы ерен еңбегі үшін төс белгілерімен марапатталды. 🌟 Құрметті ұстаздар мен әріптестер! Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз, шығармашылық ізденістеріңіз бен жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлестеріңіз үшін шексіз алғыс білдіреміз. Әрқайсыларыңыз – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, өнер мен білімнің шамшырағын жағып жүрген жандарсыздар. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, кәсіби жетістіктеріңіз арта берсін! Шабыттарыңыз сарқылмасын, еңбектеріңіз еленіп, әрдайым биіктерден көріне беріңіздер!