Облыстық инновациялық-әдістемелік орталық 2026 жылғы 21 сәуірде Абай ауданы білім бөлімінің Жалпы білім беретін Қарауыл гимназия базасында білім беру жүйесіндегі педагогикалық жаңғырудың мазмұны мен бағыттарын айқындау, заманауи педагогикалық тәсілдер мен тиімді тәжірибелерді тарату, сондай-ақ нәтижелі шешімдермен алмасу мақсатында «Сандық технология дәуіріндегі жаңа педагогикалық көзқарас» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
22.04
0
Облыстық инновациялық-әдістемелік орталық 2026 жылғы 21 сәуірде Абай ауданы білім бөлімінің Жалпы білім беретін Қарауыл гимназия базасында білім беру жүйесіндегі педагогикалық жаңғырудың мазмұны мен бағыттарын айқындау, заманауи педагогикалық тәсілдер мен тиімді тәжірибелерді тарату, сондай-ақ нәтижелі шешімдермен алмасу мақсатында «Сандық технология дәуіріндегі жаңа педагогикалық көзқарас» тақырыбында облыстық семинар өткізді. 🧬Іс-шараға аудан, облыс педагогтері, білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлер қатысты. Семинар жұмысы қатысушыларды тіркеуден басталып, мектептің STEM зертханасы, ғылыми жобалар көрмесі және Қ. Бітібаева зертханасының таныстырылымымен жалғасты. Сонымен қатар QR-көрме ұйымдастырылып, заманауи білім беру мүмкіндіктері ұсынылды. 📝Пленарлық бөлімде педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, жасанды интеллект, инновациялық платформалар және цифрлық технологияларды қолдану мәселелері қарастырылды. Семинар аясында бірнеше бағыт бойынша тәжірибелік алаңдар ұйымдастырылды. І алаңда жаратылыстану-математикалық бағыттағы зертханалық, зерттеу және ашық сабақтар көрсетілді. Қатысушылар су сапасын зерттеу, тригонометрияны оқыту, география бойынша практикалық бағдарлау, ауыл шаруашылығындағы заманауи технологиялар тақырыптарындағы сабақтарға қатысты. Сонымен қатар Абайдың «Он жетінші қара сөзі» негізінде кіріктірілген сабақ өткізілді. ІІ алаңда тәрбие мен функционалдық сауаттылыққа бағытталған сынып сағаттары мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Жасанды интеллектіні практикада қолдану, экологиялық тәрбие, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, PISA талаптары және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мәселелері қамтылды. ІІІ алаңда «Ақсұңқар» ақындар сыныбының жұмысы таныстырылып, оқушылардың шығармашылық қабілеттері көрсетілді. 🌿Семинар қорытындысында қатысушылар кері байланыс беріп, тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті. Іс-шара «Жас сақшы» жобасы аясында арнайы кабинеттің ашылу салтанатымен түйінделді. Аталған семинар педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, заманауи білім беру талаптарына сай тиімді тәжірибелерді таратуға мүмкіндік берді.