🌍 Абай облысы RES+ EXPO халықаралық экологиялық саммитінде өз әлеуетін танытуда!
22.04
0
🌍 Абай облысы RES+ EXPO халықаралық экологиялық саммитінде өз әлеуетін танытуда!
Абай облысы RES+ EXPO саммиті аясында ауқымды көрме ұйымдастырып, тұрақты даму мен «жасыл» технологиялар бағытындағы бірқатар маңызды жобаларды ұсынуда.
♻️ Алғашқы жоба — QAZAQ ASTYQ GROUP Күнбағысты терең өңдеу арқылы қалдықсыз өндіріс қағидасын жүзеге асыруда. Шикізаттың әрбір бөлігі тиімді пайдаланылып, табиғи тазартылмаған майдан бастап, жем және экологиялық отынға дейін өнім шығарылады. Бұл — ресурстарды үнемдеп, қоршаған ортаға әсерді азайтудың нақты үлгісі.
🔄 Aikos компаниясы Пайдаланылған шиналарды қайта өңдеп, резеңке ұнтағын спорт және балалар алаңдарына, сондай-ақ жол құрылысына қолдануға мүмкіндік береді. Бұл жоба айналмалы экономиканың жарқын көрінісі.
🏫 Білім беру саласы IT және жоғары технология колледжі «жасыл кампус» жобасын іске асыруда. Гибридті күн электр станциясы арқылы ғимарат таза энергиямен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, ақылды жылыту жүйесі мен қалдықтарды бөлек жинауға арналған интерактивті контейнерлер енгізілген.
💡 Жаңа бастама — GreenFin College Рымбек Байсейітов атындағы қаржы-экономикалық колледжі атынан GreenFin College платформасы ұсынылуда. Бұл жоба «жасыл» қаржы, тұрақты даму және экологиялық сауаттылық бағытында білім мен цифрлық шешімдерді біріктіретін заманауи алаң болып табылады.
📄 Стратегиялық жоба Абай облысында целлюлоза-қағаз кластерін қалыптастыру — ағаш пен баламалы шикізатты терең өңдеуге, импортқа тәуелділікті азайтуға және жаңа экологиялық өндірісті дамытуға бағытталған.
📱 Цифрлық шешім — «Шаңырақ» қосымшасы Тұрмыстық ресурстарды тиімді басқаруға көмектесіп, энергия үнемдеуді қолдайды.
☀️ Solar Semey Күн электр станцияларын орнату арқылы бизнес пен өндіріс орындарының энергия шығындарын азайтуға ықпал етеді.
🌿 Dora-Bora аграрлық-туристік кешені Экологиялық туризмді дамытып, табиғатпен үйлесімді демалыс пен этно-мәдениетті ұштастырады.
✨ Барлық ұсынылған жобаларды біріктіретін ортақ мақсат — табиғат пен технология үйлесім тапқан тұрақты болашақты қалыптастыру!