Гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігі отырысыны
Бірлестік мүшелері :
Ашық сабақтар :
а) Қазақ тілі 5 «А» сыныбы - Әбдірахманова Г.Р.
ә) Қазақ тілі 2 «Б» сыныбы - Бегалинова Б.Ә.
б) Орыс тілі – 6 сынып – Асылбекова К. М.
Сабаққа өзіндік талдау.
ТЫҢДАЛДЫ :
2 «Б» сыныбындағы Баян Әлібекованың сабағы әдістемелік жағынан дұрыс құрастырылған, жаңа әдіс – тәсілдерді, соның ішінде АКТ – ны тиімді де ұтымды пайдалана білген , нәтижелі сабақ болды. Бағалау, кері байланыс және рефлексия, сондай – ақ сергіту сәті өте жақсы болды.
5 «А» қазақ сыныбындағы Гүлмару Рамазанқызының қазақ тілі сабағы өте жақсы деңгейде өтті. Мұғалім сабағы заманауи талапқа сай құрылған. Сабақтағы әрбір тапсырма оқушылардың өзіндік ізденуіне, шығармашылық қабілеттерінің дамуына бағытталған.
6 сыныптағы Күлизат Малғаждаровнаның орыс тілі сабағы Сын есімді қайталауға құрылған қайталау сабағы болды. Оқушылар осы тақырып бойынша әр түрлі грамматикалық тапсырмаларды орындау арқылы өз білімдерінің нәтижесін көрсете білді.

