География пәнінен мектепішілік олимпиада жұмысы 7-9 сынып оқушыларына арналған
11.04
0
География пәнінен мектепішілік олимпиада жұмысы
7-9 сынып оқушыларына арналған
1 тур практикалық
Берілген географиялық терминдерге анықтама бер: климат, инфляция, жер бедері, эол, арасан.
(әр дұрыс жауап 5 ұпай. Барлығы: 25 ұпай)
Атмосфера тақырыбы бойынша «ауа райы» түсінігі барлық тақырыптардың кілтті ұғымын ашушы сызбанұсқа құрастыр:
а) жердің атмосфералық ауа қабығы (құрамы, құрылысы, маңызы, қорғауы)
б) Жердің атмосфералық ауа қабығы
Ауа райы
Белгілі уақыттағы, белгілі бір жердегі атмосфераның төменгі қабатыныңжай күйі
(25 ұпай)
2 тур практикалық
Төмендегі көрсетілген дүние жүзінің әрбір бөлігінде орналасқан құбылыстар мен нысандарды талда, оларды табиғи ортаның компоненттерінің типтеріне қарай топтастыр: атолл, Хан тәңірі, вади, Бесбақан, Қызыларай, Іле, Балқаш, Камчатка, муссон, кратер, гейзер, торнадо, Мариан, Қарақия, Гибралтар, Гудзон, бриз, Миссисипи, Кура-сио, Калифорния, тайфун, риф, тайга. (Мысалы, өзендер:...)
(15 ұпай)
Берліген кескін картаға Қазақстанның экономикалық аудандары мен облыс, облыс орталықтарын, республикалық маңызы бар қалаларын орналастыр.
(15 ұпай)
3 тур экологиялық-шығармашылық.
Ертіс –Қазақстан мен Сібірдің ірі өзендерінің бірі. Бұқаралық арпарат құралдарының хабарлауынша өзенге апаттық жағдай төніп тұр. Өзен суы тартылып бара жатыр. Осы жағдайды қарастырып, мәселені шешуде қандай ұсыныстар бере аласың.