Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОМ «КҮНШУАҚ» ЛАГЕРІ 13.06.2017ж. (1 ауысымы)

13.06
0

Бүгін лагерьге барлығы 14 бала  келді. Балаларды қабылдап болған соң, таңғы жаттығу жасадық. Кейін оқушылар «Менің елім – Қазақстан» атты шағын шығарма жазды. Бұл шығармаларда олар өз Отандарын қалай жақсы көретідерін, болашақта қандай мамандық таңдайтындарын, Қазақстан  Республикамызға қандай еңбек сіңіруге тырысатыны туралы жазды.

Шығарма жазып болғаннан  кейін таңғы ас ішуге уақыт келді.  Сап түзеп, барлық балалар тамақ ішуге аттанды. 11.30 – да «Туған жерімді сүйемін» атты сурет сайысы басталды. Отряд екі топқа бөлініп, сурет салуға кірісті. Бірінші топ түрлі түсті қарындашпен, фломастерлермен сурет салды, ал екінші топ аппликация жасады. Содан кейін әр топ өзінің жұмыстарын қорғады.   Екі топтың да жұмыстары өте әдемі шықты. «Достық жеңіске жетті» деп екі топ та марапаттау қағаздарын алды.

 12.30-да оқушылар кітап оқуға кірісті. Бүгін олар теңіздегі жануарлар және мысықтектес жануарлар туралы оқыды. Кітаптағы суреттерге қарап, олар таң қалды. Себебі олар бұндай жануарларды ешқашан көрмеген еді. Мысалы, семсер балық, балталы балық,  тағы сол сияқты. Тоқ соғатын балықтарды да көрді. Олар жайындағы мәліметтерді оқыды.  Осындай қызықты әрі түрлі әсерге толы уақыт өткізгеннен кейін олар үйге қайтты.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • За месяц110487
  • За неделю36073
  • Вчера4211
  • Сегодня1908
  • Онлайн:64

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • За месяц10
  • За неделю2
  • Вчера0
  • Сегодня0
  • Онлайн:0
BenchMark Consulting, 2025