Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОМ «КҮНШУАҚ» ЛАГЕРІ 14.06.2017ж. (1 ауысымы)

14.06
0

Бүгін 14 бала келді. Таңғы жаттығу жасап, «Пайдалы – пайдасыз» атты пікірталас өткіздік. Отряд екі топқа бөлінді. Бірінші топ пайдалы заттар мен тағамдар туралы, ал екінші топ, керісінше, пайдасыз заттар туралы пікірталасты. Олар ненің пайдалы, ал ненің пайдасыз екенін айтып, мысал келтірді. Мысалы, «Теледидар көру пайдалы ма, әлде пайдасыз ба?» деген сұраққа, олар пікірі екі түрлі болды. Бірінші топ: «Пайдалы, себебі, теледидар арқылы біз түрлі хабарлар білеміз, қызықты мультфильмдер мен кинолар көреміз» деді. Ал екінші топ қарсы болды. Олар: «Теледидар көру көзге зиян келдіреді, басқа балалармен кездесуге, ойнауға кедергі болады» депті. Содан кейін «Қарбыз жеу пайдалы ма, жоқ па?» деген сұраққа жауап берді. Бірінші топ «Қарбыз жеу пайдалы, себебі жазда ыстық болса, шөлімізді қандыра аламыз. Онда көп пайдалы витаминдер бар» деді. Ал екінші топ: «Қарбызды көп жеуге болмайды, себебі бұл жемісте сусын көп, ал су ағзамызда мөлшерден асып кетсе, денелеріміз ісіп кетуі мүмкін» депті. Осындай қызықты әрі қызулы пікірталаста кейін барлық отрядпен таңғы ас ішуге кірістік.

 Бүгін біз саяхатқа шығуымыз керек еді. Бірақ күн кішкене суықтау болған соң, шыға алмадық. Бірақ оның орнына мектеп алаңына шықтық. Мектеп алаңында түрлі ойындар ойнап, жарыстар үйымдастырып, жақсы көңіл көтердік.

Мектеп жанындағы үйшікке отырып, «Күн, ауа,су – бізге дәру» тақырыбына  әңгімелестік.

Күн, ауа  мен судың қандай пайдасы бар, олардың ерекшеліктері жайында әңгімелестік. Кейін балалар үйге қайтты.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • За месяц110487
  • За неделю36073
  • Вчера4211
  • Сегодня1908
  • Онлайн:64

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • За месяц10
  • За неделю2
  • Вчера0
  • Сегодня0
  • Онлайн:0
BenchMark Consulting, 2025