Бидайық орта мектебінде өткен «Тіл татулықтың бесігі» атты фестиваль
Қазақстан Республикасында 130 дан астам ұлттар өмір сүреді. Әр халықтың тілі қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды дыбыстарға бай, ұлттың тілі, әні, үні болып шалқар дариядай шалқуда. Қыркүйектің 25-і ҚР халықтарының тілі күніне орай Бидайық орта мектебінде «Тіл татулықтың бесігі» атты фестиваль өтті.
Тілі бөлек болғанменен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр,-деп мектеп оқушыларының 6 шаңырағы «Болашақ» (1,6с) - украин, «Достық» (2,10с) - қазақ, «Бәйтерек» (3,11с) - орыс, «Бірлік» (4 «Б», 7с)-өзбек, «Сұңқар» (5,8с)-қырғыз, «Біз қазақ» (4,9с) – неміс ұлттары өнерлерін көрсетті. Қатысушылар түрлі ұлттық костюмдерде амандасу, өнер көрсету, ұлттық ойындар ойнатты. Барлық жағынан ерекше дайындықтарымен 3,11-сыныптардың «Бәйтерек» шаңырағы жеңіске жетті.