Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Өндіріс ауылдық мешітінде Кішкенекөл ауылының бас имамы, қажы Өсербай Абдрахманұлымен кездесу.

14.09
0
СҚО, Уәлиханов ауданы,Өндіріс орта мектебі. Қыркүйек айының 14 -ші жұлдызы күні Өндіріс ауылдық мешітінде Кішкенекөл ауылының бас имамы, қажы Өсербай Абдрахманұлымен біздің мектептің ұстаздары мен оқушылары кездесті. Өсербай Абдрахманұлы жиылған қауымды қасиетті жұма күнімен құттықтап, негізгі келген жұмысының тақырыбына көшті. Әңгіме мына тақырыпта: Жас ұрпақтың ата-ана алдындағы борышы, жас ұрпақтың жат діни ағымдарға өтіп кетіуінің негізгі себептері және оған үгіт - насихат жүргізіп жатқан әртүрлі ағымдар мен интернет сайттардың қызметтері туралы өрбіді. Ауданның бас имамы жас ұрпақты ата-ана алдындағы борыштарын адал орындауға,үлкендерді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге шақырып, әртүрлі дәлелдемелер арқылы ұтымды әңгіме өрбітті. Ал соңғы сұрағы бойынша жат ағымдар мен интернет сайттардың жастар үшін орасан зор әсеріне қарсы тұру үшін дінді тек мешіттерге келіп түсінуге шақырды. Осы бағытта қоғам болып, яғни ата-ана, мектеп, ауыл имамының атқарар ісі өте зор деп сөзін аяқтады.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • За месяц119654
  • За неделю32952
  • Вчера5675
  • Сегодня1152
  • Онлайн:30

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • За месяц8
  • За неделю2
  • Вчера0
  • Сегодня0
  • Онлайн:0
BenchMark Consulting, 2025