Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Педагогикалық кеңес

09.12
0
Бидайық орта мектебінің педагогикалық кеңесінің отырысында түрлі тақырыптар талқыланды. Соның бірі, қазіргі заманның талабына сай латын графикасының басты ережелерімен қазақ тілі мұғалімдері таныстырды. Бұл жерде тәжірибе кезеңінде латын әліппимен басылған мәтіндерді оқу жылдамдығына қарай оқу және сол мәтінге жоспар құрастыру тапсырмасынан ұстаздар қауымы біраз деңгейде өз білімдерін байқатып, алдағы уақытқа біраз дайындықтарын да көрсете білді. Келесі кезеңде, жаңартылған білім беру аясында сабақ беретін мұғалімдер жаңаша әдіс-тәсілдерді өз сабақтарында қалайша қолданып жүргендеріндегі тәжірибелерімен бөлісті. Бұл жерден біраз әдістемелік жағынан ұстаздар білімдерін толықтыра алды. Және соңғы қаралған мәселе ата-аналар жиналстарын өткізу және оны ұйымдастыру тақырыбы бойынша әр топқа тапсырмалар беріліп, мұнда мұғалімдер тарапынан жиналыстардың түрлеріне, ата-аналар тарапынан жиналыстар не үшін өткізіледі және үшінші оқушылар тобы болып бөлінген ұстаздар жағдаятты шешу жолын тауып, кеңестер айта алды. Осы тақырып бойынша жауапты ұстаздар берілген тапсырмаларды кеңінен толықтыра отырып, мектепішілік сынып ата-аналар жиналысына әр ата-ананың қатысу жөнінде зерттеушілік жүргізіп, нәтижесіне тоқталды. Бұл жерде сынып жетекшілері ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста екендігі көрсетілді. Жалпы, осы педагогикалық кеңестен әр педагог өзіне қажетті мәліметті ала алғаны көрінді.








Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • За месяц116259
  • За неделю25160
  • Вчера2220
  • Сегодня125
  • Онлайн:69

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • За месяц11
  • За неделю5
  • Вчера1
  • Сегодня0
  • Онлайн:0
BenchMark Consulting, 2025