Бидайық орта мектебінде мамырдың 20-сы күні «ЖАС ҰЛАН» оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының «Біз-бақытты жасұлан» атты салтанатты жиыны аға тәлімгер Омарова Г.Б жетекшілігімен өтті.Салтанатты жиынға сап түзеген сыныптар рапорт тапсырып болған соң, оқу жылы бойы,жетістікке жеткен оқушылар, ұйыммен біте қайнасып мектептің қоғамдық-мәдени өміріне белсене араласқан оқушылар марапатталды.Тустен кейін іс -шара «Қазына іздеу» ойынымен жалғасын тапты.