"Бала шақтан-болашаққа" атты бастауыш әдістемелік бірлестігінің апталығы
19.11
0
Қарашаның 18-ші жұлдызы Бидайық орта мектебінде "Бала шақтан-болашаққа" атты бастауыш әдістемелік бірлестігінің апталығы басталды. Аптаның ашылуы салтанатты жиында балалардың өлең-тақпақтары және әдістемелік бірлестіктің жетекшісі Касимова Р.Б. апта жоспарымен таныстыруымен өтті. Апта бойы балалар іс-шараларға белсенді қатысып, өз білімі мен алғырлығы, парасаттылығын көрсете білген оқушылар "бастауыш біліктісі" атанып,сый-сияпатпен марапатталатыны да ескерілді. Дүйсенбі күні жоспарға сәйкес бастауыш сынып мұғалімі Нургазина Шынар Амантаевна 3-4 сыныптар аралығында "Тапқыр достар" атты интеллектуалды ойыны жоғары деңгейде өткізілді. Ойын барысында балалар білім-білік дағдыларын, ақыл-ой өрісін жан-жақты көрсете білді. 7 турдан тұратын іс-шара балаларды алғырлыққа, тапқырлыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелейтіндей құрылған. Нәтижесінде жүлделі 1-ші орынды "Жұлдыз" тобы, 2-ші орынды "Қыран" тобы, ал 3-ші орынды "Еңбек" тобы иеленді. Танымдық қабілетімен ерекше көзге түскен оқушылар: Адия,Сақинат,Мадияр,Асхат, Қасиет, Арман,Аңсар.Балалардың білімге деген құштарлығы арта берсін!