Бүгін, яғни қарашаның 19-ы күні «Бала шақтан-болашаққа» атты бастауыш буын апталығында Нургазина Умутжан Мухатовна 1сынып және 2 сынып оқушыларын бірлестіріп, «Хатқалталардағы құпия» атты математикалық ойын өткізді. Ойын барысында оқушылар өздерін еркін ұстап, қызығушылықпен кірісіп кетті. Екі командаға бөлініп, жарысқа түскен оқушылар құрастырылған қызықты тапсырмаларға белсенділікпен қатысты