Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Мектепті жаңа жылдық безендіру

30.12
0

Биылғы жаңа жыл онлайн форматында өтсе де, оқушылар мен ұжым мүшелеріне жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау мақсатында мектебіміздің фойелары мен есік алды безендірілді.  Мектептің безендірілуіне үлкен үлесін қосқан  аға тәлімгер Ғалымова Наурызгүл Қонаевнаға үлкен алғысымызды білдіреміз. Жас келсе – іске дегендей, он саусағынан өнер тамған жас маман барынша тырысып бақты. Атап айтсақ, ІІ қабаттағы фойеға жасаған бұғы, сағат, 2021 деген декорациялары көздің жауын алады. Есік алдына арнап жасалған Аяз ата мен ақшақардың мүсіндері мектепке келген баршаның көңілін өздеріне аударып, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлауда. Биылғы ерекше безендіру келер жылға үлкен үміт пен сенім артқандай. Келер жылымыз жемісті, табысты болғай! Барша қиындықтар артта қалып, алда жарқан болашақ болсын!
Сілтеме https://www.facebook.com/



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • За месяц83002
  • За неделю16297
  • Вчера2784
  • Сегодня142
  • Онлайн:8

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • За месяц12
  • За неделю0
  • Вчера0
  • Сегодня0
  • Онлайн:0
BenchMark Consulting, 2026