7-9сынып ер балалары арасында мектеп психологі Тлеукабылова Зульфира Менмулловнаның ұйымдастыруымен "Әке көрген оқ жонар...." атты тәрбиелеу сағаты өтты. Іс-шараға ел ағалары, тәжірибелі әкелер Имаганбетов А.З, Жапаров І.М. қатысып, ер балаларды тәрбиелеуде кездесетін жағдаяттар шешіп, оқушылардың сауалдарына жауаптар берді. Өнеге алар шарада құқықтық жауапкершілік, ұлттың отбасылық әдет-ғұрыптары туралы сөз етілді.