Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Арайлы Алтын Күз

17.10
0
     14 қазан күні Бидайық орта мектебінің жанындағы “Қарлығаш” шағын орталығында “Арайлы Алтын Күз” атты мерекелік ертеңгілік өткізілді. Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру, күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс — әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой — қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата — аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру. Осындай мақсат кою барысында бүлдіршіндеріміз бар өнерлерін ортаға салды. Ән айтып, би билеп, ойындар ойнатылып, тақпақтарын оқып, ертеңгілікке келген қонақтарымызды қуантты. Қолөнерден де жай қалмады. Бәріне алуан түрлі жеміс, көкөніс киімдері тігілді. Соңында, балапандарға сыйлықтар мен белсенділіктері үшін мадақтама берілді. Және ата -аналармен бірлесе отыра тәтті күз сыйымен дастархан басында кездестік.






Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • За месяц89259
  • За неделю23931
  • Вчера2151
  • Сегодня1701
  • Онлайн:28

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • За месяц11
  • За неделю4
  • Вчера0
  • Сегодня1
  • Онлайн:0
BenchMark Consulting, 2025