Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

Әдеп басы – тіл

08.09
0
М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 06.09.2024ж. күні Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай жоспар бойынша «Математика және информатика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Әдеп басы – тіл» тақырыбында 7-орыс сыныптарының қатысуымен интеллектуалды ойын өткізілді. Ойынға 4 оқушыдан құралған «Знатоки», «Эрудиты», «Мудрецы» үш команда қатысты. Балаларға викториналық сұрақтар қойылып, пазл құрау арқылы ұлы ақындардың нақыл сөздерін тауып айту, өз елі туралы айту, кейбір сұрақтарға үш тілде жауап беру тапсырмалары берілді. Балалар барынша қазақ тілінде сөйлеп, жауап беріп белсене қатысты. Орыс сыныптарының ұстаздары А.Балхожаева мен С.Қыздарбекова интеллектуалды ойынды екі тілде жүргізіп, көрермендермен де ойындар ұйымдастырып, сұрақтарға жауап алды. Үш топтың қатысуын әділ қазы алқалары бағалап отырды. «Әдеп басы – тіл» тақырыбындағы интеллектуалды ойын өз деңгейінде жақсы өтті. Оқу жылының басы болса да әр ұлттан құралған орыс сыныптарының оқушылары өте жақсы ойнап шықты. Нәтижесінде «Эрудиты» командасы І, «Мудрецы» ІІ, «Знатоки» ІІІ орынды иеленді.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • За месяц127549
  • За неделю45167
  • Вчера5617
  • Сегодня822
  • Онлайн:26

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • За месяц78
  • За неделю9
  • Вчера0
  • Сегодня0
  • Онлайн:0
BenchMark Consulting, 2026