Меню KDT
KZ RU

Новости социальной сети

«Жұлдыздар шеруі-2024»

24.05
0

«Жұлдыздар шеруі-2024»
2024 жылдың 24 мамырында №32 мектеп-гимназиясының акт залында 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша дарынды, қабілетті, ең үздік оқушыларды марапаттау рәсімі болып өтті. Жұлдыздар шеруін өткізу мақсаты: дарынды және озат оқушыларға қолдау көрсету, құрметтеу. Жұлдыздар шеруі: «Ғылыми жобалар жеңімпаздары», «Пән олимпиадасының жеңімпаздары», «Байқаулардың жеңімпаздары», «Өнер сайыстарының жеңімпаздары», «Спорт жеңімпаздары» атты номинациялар бойынша өткізілді. Құттықтау сөз мектеп директоры Г.Б. Байтасқа берілді. Сонымен бірге өздерінің дарындылығымен қалалық, республикалық, халықаралық деңгейлерде бірнеше жүлделі орындар алып келген озат шәкірттерімізді атап өтіп, бағалы сыйлықтармен марапаттау рәсімінің құрметі Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы “Педагогикалық шеберлік және ұйымаралық жобалар” бөлімінің әдіскері Капбасова Замзагуль Болатовнаға берілді.
Ағымдағы оқу жылы барысында 2-11 сыныптар арасында өткізілген «Оқуға құштар мектеп» жобасының нәтижесі анықталып, жеңімпаздарды, атап айтқанда 4 сынып оқушысы Жаппас Адия, 8 сынып оқушысы Абдуназарова Эльвира бағалы сыйлық-велосипедпен марапатталды. Жобаға белсене қатысқаны үшін 3 сынып оқушысы Барманбек Айша бағалы сыйлыққа ие болды. Сыйлықтарды табыстау құрметі Қазақстан «Халық банкі» демеушісіне берілді.
Алдағы уақытта дарынды, қабілетті, математиканы да, спортты да, ән мен биді де бірдей меңгерген оқушыларымызға қолдау көрсетіп, жеңістен жеңіске жетіп, әрқашан биіктерден көріне беріңіздер демекпіз!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Сообщества

Полезное

Список пуст

Политика приватности платформы

Пользовательское соглашение

Статистика платформы

  • За месяц84540
  • За неделю17255
  • Вчера1705
  • Сегодня2624
  • Онлайн:86

Поделиться страницей в соцсетях

Статистика сайта

  • За месяц20
  • За неделю7
  • Вчера0
  • Сегодня1
  • Онлайн:0
BenchMark Consulting, 2026